«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5 Қазан-Ұстаздар Күні

Мектебімізде  5 қазан күні «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы Балдекова Жанар Кошкеновна құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтқанда:  А.Н Тулеуова, Б.П. Танатарова,  Д,К Нажбиев, Г.К. Исина, Ш.С. Уруов,  Ғ.Е. Токишева.  Қ.Р Сейфоллин. Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар әр мұғалімге арнайы өлең шұмақтарын арнап, гүл шоқтарын сыйлады. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.

 

Жаңартылған күні: 06.10.2023 16:02
Құрылған күні: 06.10.2023 16:03

Текст