«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы,№3 жалпы орта білім беретін мектебінде "STEM-заманауи мектептің білім беру ортасындағы оқытудың жаңа әдістемесі"тақырыбында қалалық семинар болын өтті.

  Семинардың мақсаты: оқушыларға білім беруде STEM технологиясын пайдалану жолдарын жетілдіру. Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері  Сәрсембеков Дулат Қайратович және Қосшы қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден директор орынбасарлары мен пән мұғалімдерінен құралған 50-ден астам педагогтер қатысты. 
          Семинар жұмысын қалалық білім бөлімінің әдіскері  Сәрсембеков Дулат Қайратович пен мектеп директоры Балдекова Жанар Көшкеновна ашып, педагогтерге  «STEM білім берудің маңыздылығы» тақырыбында информатика пәні мұғалімі Марат Дулат STEM оқытудың түрлері мен қазіргі кездегі маңызын жан-жақты талдап берді. Семинар жұмысы пән ерекшеліктеріне қарай, 3 секция бойынша әрі қарай практикалық сипатта жалғасты. Семинар барысында  STEM оқыту бойынша информатика пәні мұғалімдері Н.Дәуренбек, А.Абдукадирова, М.Махамбетжан, математика пәні мұғалімдері А.Тұрсынғали, Ж.Тагаев, биология пәні мұғалімі А.Жақсыбаева, химия пәні мұғалімдері  Г.Әлібек, Б.Болат, көркемөнер пәні мұғалімі Е.Сарсенов, бастауыш сынып мұғалімдері С.Калиева, С.Сейдалиевалар  семинарға тыңғылықты дайындалып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 
         Сондай-ақ, қонақтарды кабинет меңгерушісі А.Тайтөлеуов пен  информатика пәні мұғалімі Б.Искаков мектепте ашылған  STEM білім беру  кабинетінің жабдықталуымен, ондағы құралдардың қалай жұмыс жасайтынымен таныстырды. 
          Семинар соңында қонақтар семинардың берері мол, мазмұнды өткенін айта отырып, ризашылықтарын білдірді.


Директордың БОЖ орынбасары                       Танатарова П.Б.


Текст