«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы»

2023 жылдың 11 қазан күні Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің теолог мамандары Сарденов Абзал Сарденулы, Смадьяров Бахтияр Серікұлы, Қожахметова Талшын, Қаржауова Майра "Деструктивті діни ағымның алдын алу әдістері" тақырыбында жиналыс өткізді.

Жиналысқа Қосшы қаласы бойынша мектеп мұғалімдері мен тәрбие орынбасарлары қатысты.

Мақсаты: бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру, қазіргі таңдағы діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру.

Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

✅Ұлттық мүдде: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу
✅Ар-ұят: халқына адал қызмет ету
✅Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Жаңартылған күні: 19.10.2023 09:51
Құрылған күні: 19.10.2023 09:51

Текст