«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті жиналысы өтті.

Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті жиналысы өтті.

Өткізген: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова Салтанат Бақытқызы.

Тақырыбы "Ата-ана, мектеп қоғамдастығы"

Жиналыс тренингтен басталды.

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. Жаңа оқу жылының оқу, тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті
2. Біртұтас тәрбие бағдарламасы. Ұлттық құндылықтар.
3. Мектептің ішкі тәртібі.
4. Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, асхана мәселесі.
5. Мектеп формасы
6. Ата-аналар комитетінің құрамын бекіту
7. Әр түрлі мәселелер.

Аталған мәселелер бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова Салтанат Бақытқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хазез Алтынгуль Хазезовна мәлімет берді.

Салтанат Бақытқызы ата-аналарға біртұтас тәрбие бағдарламасын көрсетіп, ұлттық құндылықтар: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап таныстырылып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Мақсаты: мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сонымен қатар мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы туралы мәлімет берілді.

Мектепішілік ата-аналар комитеті төрайымы қызметіне жалпы ата-аналардың дауысымен Жұлдызай Тұрарқызы, көмекшілері Салменова Уметкул және Нұрлыбек Ануарович сайланды

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп кейбір мәселелер талқыланды.

Жаңартылған күні: 18.10.2023 16:42
Құрылған күні: 18.10.2023 16:42

Текст